Астанада Еуразиялық халықаралық кітап көрмесі ашылды

«Eurasian Book Fair» – еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі еліміздегі – іскерлік және гуманитарлық әріптестікті дамыту және нығайту мақсатында ТМД, Еуропа және Азия елдерінің баспа, кітап саудасы ұйымдарын, мәдени және білім беру орталықтарын үлкен интеллектуалдық алаңға біріктіретін аса ірі кітап форумы.

Мақсаты – оқырман мен жазушы арасындағы байланысты жандандырып, баспа ісін дамыту.

Кітап жәрмеңкесін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова салтанатты түрде ашып, көрменің мемлекеттер арасында тарихи, мәдени байланыстар орнатуда рөлі зор екенін атап өтті.

Балалар әдебиетінен бастап, қазіргі заманға қажетті салалық оқулықтар да көрме сөресінен орын тапқан. Үш күнге созылатын кітап жәрмеңкесі аясында өзара пікір алмасу, түрлі кездесулер өткізу жоспарлануда.

БІЗДІҢ ПАСПОРТЫҢЫЗҒА АРНАЛҒАНЫҢЫЗ?