Дархан Қыдырәлі

1974 жылы дүниеге келген.

Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспендент-мүшеcі (2017), Халықаралық түркі академиясының президенті (2014 жылдан) және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (2016 жылдан).

Ғылыми еңбектері:

Мұстафа Шоқай. Анкара, 2001 ж.; Тараз тарихы. Тараз, 2005 ж; Түрік халықтары әдебиеті тарихы, (ұжымдық жинақ) Түркістан, 2005 ж.;Мұстафа Шоқай, Астана, 2007 ж; Ұлық Түркістан, Астана, 2008ж; Атымды адам қойған соң… Астана, 2008 ж; Жерұйық. Астана, 2009 ж; Мұстафа. Астана, 2012 ж; «Мәңгі тас», Алматы, «Ғылым» баспасы, 2015 ж.

Марапаттары:

ҚР Президентінің алғыс хаты (2010 ж.)

Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықпен марапатталған (2014 ж.).

“Түркі әлеміне қызмет” сыйлығымен марапатталды (2015 ж.).

“Жаңа Түркия” Стратегиялық зерттеулер орталығы тағайындаған “Түркі тарихы және мәдениетіне қызмет” Алтын медалін алған (2015 ж.).

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.).

ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2016 ж.).

«Жібек жолы» стратегиялық зерттеу орталығы мен “Жібек жолы” журналы тарапынан тағайындалған халықаралық «Жыл адамы» марапатының иегері (2017 ж.)

Венгрияның «Офицерлік крест» орденімен, Әзірбайжанның “Достлуг” орденімен марапатталды.

Книги автора

Нет книг

БІЗДІҢ ПАСПОРТЫҢЫЗҒА АРНАЛҒАНЫҢЫЗ?